Қазақстандық мергендер Азиадада «қола» жүлдеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында оқ атудан бәсеке жалғасты, деп хабарлады sports.kz.

Винтовкадан 50 метр қашықтықтан жатып атуда ерлер командасында алтын медальді қытайлық үштік еншіледі, «күміс» жарыс қожайындары - Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, қол жүлдені Қазақстан құрамасынан Юрий Юрков, Игорь Пирекеев пен Ратмир Миндияров жеңіп алды.

Оқпен ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея).

Ерлер. Винтовка. Жатып ату. 50 м. Командалық жарыс.

1. Қытай - 1876,0

2. Оңтүстік Корея - 1869,0

3. Қазақстан - 1859,0.