НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық мергендер Дохада (Катар) өтіп жатқан стенд атудан халықаралық Qatar Open in Shutgan турнирінен күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары Анастасия Молчанова мен Александр Ещенко «Cкит» жаттығуы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында бас жүлдені Францсика Кроветто (Чили) мен Николас Пачеко (Перу) жұбы жеңіп алды. Әзербайжандық Эмин мен Нұрлан Джафаровтар қоланы қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай қазақстандық Эдуард Ещенко аталған халықаралық турнирден скит бағдарламасы бойынша алтын медаль жеңіп алған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.