Қазақстандық ММА шебері Prime Selection-2017 турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраулық ММА боксшысы Нұрберген Шарипов Краснодар қаласында Tech-KREP FC клубының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Prime Selection-2017 турнирінің финалында Асланбек Каровты жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Үшінші раунда жерлесіміз қылқындыру тәсілін ұтымды пайдаланып, Қабарда-Балқариядан келген қарсыласымен айқасты өз пайдасына уақытынан бұрын аяқтады.