Азия чемпионатында Қазақстанды ММА ұлттық құрамасының жаңартылған құрамы таныстыратын болады.
IMMAF (International MMA Federation) халықаралық ұйымы ММА бойынша бірінші ашық Азия чемпионаты 12-16 маусым аралығында Сингапурде өтеді.
Азия чемпионатында Қазақстанның намысын түрлі салмақ дәрежесіндегі аралас жекпе-жек шеберлері кіретін ММА бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы қорғайды. Олар:
52,2 кг дейін (әйелдер) - Аян Тұрсын (Алматы қ.);
56,7 кг дейін - Ерназ Мұсабек (Астана қ.);
61,2 кг дейін - Олжас Молдағалиев (Атырау облысы);
65,8 кг дейін - Бекзат Жасия (Оңтүстік Қазақстан облысы);
65,8 кг дейін - Джахар Шапхатов (Атырау облысы);
70,3 кг дейін - Джохар Таймұсханов (Ақмола облысы);
77,1 кг дейін - Жан Кенжебаев (Алматы қ.);
83,9 кг дейін - Мейрамбек Демеубаев (Астана қ.);
93 кг дейін - Құдайберген Төлеубаев (Қарағанды облысы).
Жарысқа 14 елдің 66 спортшысы қатысады.
18:50, 07 Маусым 2017
Қазақстандық ММА шеберлері Азия чемпионатына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шеберлері Азия чемпионатына қатысу үшін Сингапурға жол тартқалы жатыр, деп хабарлайды Қазақстан ММА федерациясы.