Бейбіт жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ өзін сенімді ұстап, қарсыласынан шеберлігін асыра білді. Екі раундтық жекпе-жектің қорытындылары бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Өкінішке қарай, қазақстандық клубтың басқа өкілдері - Бауыржан Қуанышбаев пен Асқар Үмбетов ұтылып қалды. Қуанышбаев екінші раундта жапондық Тошиказу Сузукиден техникалық нокаутпен жеңілсе, Асқар Үмбетов екінші раундта Казуюки Миятаға жол берді.