Бибісара бұл бағыттағы еңбек жолын Алматыда бастаған, ал өткен жылы Нью-Йорктегі Сән апталығында барлығын керемет әсерде қалдырды. Әлемдік супермодельдер тізіміне Биби есімімен кірді. Арасында Vogue және Grazie сияқты сән журналдары оның сүйкімді жүзін бас парақшаларына түсіру үшін кезекке тұрды. Ал Benetton сияқты сәнді киімдер шығаратын көптеген фирмалар оның агенттігіне жиі хабарласады. Сондықтан бұрынғы алматылық бойжеткенге аптасына жеті рет Нью-Йоркте түскі асын, таңертеңгі шайын Парижде ішуге тура келіп тұр. Биби сондай-ақ Tae Ashida және Ne-net сияқты жапондық сәнді брендтердің арасында ерекше ықыласқа ие болуда.
"Әлемдік брендтер бағытын алған фэшн-индустрияның бас тұтынушысы - Қытай елі",- дейді Астана модельдік агенттігінің қызметкері Аббас Қисықов. Сондықтан әлемдік брендтер еуропалық сұлулық туралы көрініске сәйкес келетін шығыс бейнесін іздеп, оны Бибісарадан тапты.