АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық могулшылар Олимпиада жарыстары өтетін трассасында алғашқы жаттығуларын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олимпиадада Қазақстан намысын фристайл-могулдан Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева мен Аяулым Амренова бастаған қыз-жігіттер қорғайды. Аталған спорт түрінен финалдық жарыстар ақпанның 11 (әйелдер) мен 12-не (ерлер) жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Доданың ресми ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.