Екі дивизионда өнеркөрсеткен (17-23 жас) 13 спортшының арасында - Бақытжан Әріпханов (51 келі),Еламан Саясатов (54 келі) және Ильмира Кунахуновалар (67 келі) қола медальға иеболса, 60 келі салмақта (class U23) өнер көрсеткен Ерқанат Оспан күміс жүлдегеқол жеткізді. Алғашқы жекпе-жекте Е.Оспан украиналық Сергей Радовты нокаутқатүсірді. Ширек финалда малайзиялық Мохд Фазадкиды ұтып, жартылай финалдаколумбиялық Томас Чавераны жеңді. Бірақ финалда Ерқанат қытайлық Ионг Ченге есежіберді.
Сондай-ақ 57 келісалмақ дәрежесінде (Elite A) Алмаз Сәрсембеков әлем чемпионы атанды. Жартылайфиналда Алмаз украиналық Владислав Микитасты ұтты. Ал финалда Сәрсембеков ресейлікСергей Абрамовты ұпай санымен жеңді. Қазақстан үшін, бұл көптен күткен алтынжүлде.
Соңғы рет - 12 жылбұрын қазақстандық тайбоксшы Алмаз Касенов (81 келі) элиталық А-класта әлемчемпионы атанған болатын.
ҚР муайтайфедерациясының мәліметіне сәйкес, жалпымедальдық есепте Қазақстан құрамасы 5 жүлдемен (1 алтын, 1 күміс, 3 қола) 10-орынғатабан тіреді. Бангкокта өткен Әлем чемпионатына 99 мемлекет қатысты.