деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері Серікбек Елшібековтың атап көрсеткеніндей, апталық шеңберінде негізгі үш шара өтеді - IV-ші «Kazenergy» Еуразиялық энергетикалық форумы, Қазақстан мұнай көрмесі және республиканың мұнай және газ саласындағы үздік компаниялар мен мамандарға «Алтын Прометей» сыйлығын тапсыру.
Қыркүйектің 23-іне жоспарланған Қазақстан мұнай көрмесі экологиялық акциямен ашылмақ. Атап айтсақ, Тәуелсіздік сарайының маңына көшеттер отырғызылып, мұнайшылардың қолымен жаңа саяжол салынатын болады. Көрме аясында қазақстандық мұнай өндірісінің 110 жылдығына арналған фотокөрме де ұйымдастырылады.
Қыркүйектің 24-25 күндері өтетін IV-ші «Kazenergy» Еуразиялық энергетикалық форумына 15 мемлекеттен 800-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда. «Алтын Прометей» сыйлығы «Жыл маманы - кәсіби шебер-тәжірибеші», «Жыл маманы - ғалым-педагог», «Үздік инновациялық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік жоба», «Жыл Жобасы» және тағы басқа да аталымдар бойынша қыркүйектің 24-інде тапсырылатын болады.
Сонымен қатар, апта бойы жер қойнауын пайдалану саласын салықтық реттеу, кадрларды даярлау және қайта даярлау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, экологиялық және мұнай саласының басқа да проблемалары мен мәселелеріне арналған бірқатар конференциялар мен дөңгелек үстелдер өтетін болады. Бұдан бөлек, журналистер арасында «Қалам энергиясы» атты байқау өткізіліп, Медиа конференция ұйымдастырылмақ.