Симфониялық музыка фестивалі 30 қыркүйек пен 19 қазан аралығында Түркияда өтті. Оған әлемнің 11 елінен келген камералық оркестрлер, музыканттар мен солистер қатысты.
ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстанның атынан камералық оркестр мен солистер - Алматыдағы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясынан Гүлнар Нұрғалиева (сопрано) және Ғалия Бисенғалиева (скрипка), Әмір Бисенғалиев (скрипка) өнер көрсетті.
Оркестр Вивальди, Сарасате, Мендельсон, А.Серкебаев және тағы басқа композиторлардың шығармаларын асқан шеберлікпен орындады. Қазақстандық әртістердің өнері Анкара тұрғындары мен фестиваль қонақтарының ыстық ықыласына ие болды.