АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Надежда Ногай Польшада ауыр атлетикадан жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Надежда 75 келіден астам салмақта қоссайыс қорытындысында 275 келіні көтерді. Тайландтық Дуанганксор Чаиди (259 кг) екінші, тунис қызы Йосра Диб (251 кг) үшінші орынды иеленді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Надежда Ногайдың екінші орын алған қарсыласынан 16 келіні артық көтергенін атап өтті. Бұл оның мүмкіндігінің шегі емес. Осылайша, ауыр атлеттер арасында болашағынан үлкен үміт күттіретін жастар өсіп келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).