Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Назым Ищанова Қытайдағы Цяньань қаласында бокстан өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады.

60 келі салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсететін Ищанова бірінші жекпе-жекте Тонга Корольдігінің өкілі Пуэки Фифитамен кездесті. Қазақстандық 3:0 (30:26, 30:27, 30:27) есебімен басым түсті.

Ищанованың келесі қарсыласы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Қытай өкілі Инь Цзюньхуа болмақ, деп хабарлады Vesti.kz.