Бүгінгі күні елімізде созылмалы бүйрек ауруларының (СБА) деңгейі тез өсіп кетті және гемодиализдағы адамдардың саны да артып кеткен. Ал бұл - СБА-ны емдеудің ең қымбат әдістерінің бірі. Бүйрек ауруларына әкеліп соғатын негізгі факторлар - жоғары артериалдық қан қысымы ( гипертония), соған сәйкес жүрек аурулары. Бұл туралы бүгін Алматыда Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған іс-шарада Қазақстан Нефрологтар қауымдастығының президенті Әсия Қанатбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгінде елімізде 1,5 миллионға жуық адам гипертониядан зардап шегеді, олардың жартысы өз дерті туралы білмейді де және тек 25 пайызы ғана дәрігерлерге көрінеді. Көптеген адамдар жоғары қан қысымына көңіл бөлмейді және «жұмыс бабына», «ұлғайған жасқа» тән көрініс деп бұл ауруға аса мән бермейді. Дер кезінде анықталмаған жоғары қан қысымы бүйректің ауыр бұзылысына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайлар қазіргі кезде жиі кездесетін бүйректің қалыпты қызметін жоғалтатын созылмалы бүйрек ауруына (СБА) себепші болып отыр. СБА - бұл баяу өтетін, ауру белгілерінсіз және зардапсыз дерт. Кейде бүйрек соңғы сатысында ғана байқалады, бұл жағдайда тұйықтан шығудың жолы - «жасанды бүйрек» немесе бүйректі ауыстыруды пайдалану», деп атап өтті Ә. Қанатбаева.