Қазақстандық «Ник Вуйчич»: Димашты үйленгенде тойыма шақырамын
«Ұмытылмас күн! Барлықтарыңызда бақытты, ұмытылмас күн көп болсын. Достар менің парақшама @kudaibergenov.dimash жазылды. Бақыт үшін сол назардың өзі жеткілікті. Өмірдің әрбір сәтіне сүйініп, ләззат алыңыздар және барлығы үшін Аллаға шүкіршілік етіңіздер. Димаш ағай, сізге үлкен бақыт тілеймін! Мен өте қуаныштымын!», - деп жазды Әли instagram парақшасында .
Еске салсақ, Әли тіпті әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Сондай-ақ, ол Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады.
Ал 2017 жылдың желтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын. Айта кетсек, Әли мен анасы Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, отбасыларының соқпақ жолды басып өткенін айтып берген болатын. Дүниеге келген кезінде оның анасына тіпті туыстары баладан бас тартуын айтып, үгіттеген. Әли өскен кезде тіпті ешбір мектеп оны қабылдағысы келмепті. Ақыры, осы қиындықтардың бәрін басып өткен бала елордадағы «Нұр Орда» мектебіне түсіп, күні бүгінге дейін сол білім шаңырағында оқуын жалғастырып жатыр.