«Мен өте бақыттымын!» - деп жазды Әли Instagram парақшасына.
«Ливерпуль» жаңа еуромаусымды ашар матчын«Челсимен» Ыстанбұлда ойнайды. Түрік жұртына барып қайтқанша Әлидің парақшасыМұхаммед Салах, Роберто Фирмино секілді жұлдыздармен, команданың бас бапкеріЮрген Клоппен түскен суреттермен толды.
Бұған дейін Әли теңбіл доптың әлемдік саңлағы Лионель Мессимен кездесіп үлгерген.
Оның алдында елордалық оқушыны әлемдік футболжұлдыздары Неймар, Эдинсон Кавани және Килиан Мбаппе бауырына тартқан болатын.
Былтыр көктемде Әли Тұрғанбеков өзін іздепкелген аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонаның иығына шапанжапқан.
2017 жылдың желтоқсанында Әли кумирі НикВуйчичпен кездескенін жазып едік.
Авторы Азамат Сыздықбаев