Қазақстандық Ник Вуйчич «Ливерпуль» мен «Челси» жұлдыздарымен кездеседі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Екі аяқсыз дүниеге келген Әли Тұрғанбеков «Челси» және «Ливерпуль» футбол командаларының жұлдыздарымен кездеседі. Бұл туралы 11 жастағы қазақстандық Instagram-да жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Достар, мен УЕФА-ныңСуперкубогына шақыру алдым. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының өткенмаусымдағы жеңімпаздары - «Ливерпуль» мен«Челси» кездеседі. Қуанышымда шек жоқ», - деп бөлісті Әли.

Ол сондай-ақ бұл сапардыұйымдастырған УЕФА-ның басшылығы мен қорына, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубыныңБайқаушы кеңесінің төрағасы ҚайратБоранбаевқа алғысын білдірді.

«Баршаңызға және әрқайсыңызғажеке айтарым: ғажайыптар болады және армандар орындалады. Ең бастысы,жақсылыққа сену, іс-әрекет ету, армандау және Тәңірге үміт арту! Барлық адамдармен балаларды спортқа, белсенділікке, позитивке, армандарға, мақсатқа жәнемейірімге ұмтылуға ынталандырғым келеді. Бүгін мен аталған командалардың жабықжаттығуына қатысамын!», - деп қосты ол.

Еске салайық, «Ливерпуль» өткенмаусымда Чемпиондар лигасының, ал «Челси» Еуропа лигасының жеңімпаздары болды. Командалардыңкездесуі 14 тамыз – сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Түркияның Ыстанбұлқаласындағы 43500 адам сиятын «Водафон Арена» стадионында өтеді. Қазақстанда тікелейкөрсетілімді «Qazsport» арнасы жүзеге асырады. Басталуы – 00:45.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбековбиылғы көктемде футбол әлемнің жұлдыздары Лионель Месси мен «Барселона»ойыншыларымен кездескенболатын. Бұдан бөлек, қазақстандық оқушы оның алдында өзге де белгіліфутболшылар - Андрей Шевченкомен, Неймармен, Киллиан Мбаппемен, Эдинсон Каванимен,Диего Марадонамен,сондай-ақ өзінің кумирі, екі аяқсыз және екі қолсыз дүниеге келген НикВуйчичпен жүздескен еді.

Соңғы жаңалықтар