Қазақстандық «Ник Вуйчич» Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әли жеңімпаздарғакубокты табыстау рәсімін УЕФА президенті Александер Чеферинмен бірге өткізді.Финалда «Ливерпуль» өзінің «челсилік» отандастарын пенальти қорытындысы бойыншажеңген болатын.

Екі аяқсыз дүниегекелген Әли Тұрғанбеков «Челси» және «Ливерпуль» футбол командаларыныңжұлдыздарымен кездесетіні бұған дейін хабарланған болатын.

«Достар, мен УЕФА-ның Суперкубогына шақырту алдым. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропалигасының өткен маусымдағы жеңімпаздары - «Ливерпуль» мен «Челси» кездеседі.Қуанышымда шек жоқ», - деп бөліскен еді Әли өз қуанышымен Instagram-дағы парақшасында.

«Ливерпуль» жаңаеуромаусымды ашар матчын «Челсимен» Ыстанбұлда ойнады. Түрік жұртына барыпқайтқанша Әлидің парақшасы Мұхаммед Салах, Роберто Фирмино секілдіжұлдыздармен, команданың бас бапкері Юрген Клоппен түскен суреттермен толды.

Әли тіпті әйгіліфутбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Оған дейінӘлиді француздың «Пари-Сен-Жермен» командасының жұлдыздары Киллиан Мбаппе,Эдинсон Кавани мен Неймар шақырған еді.

Ал 2017 жылдыңжелтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын.

Айта кетсек, 2017жылдың қыркүйек айында Әли мен анасы Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп,отбасыларының соқпақ жолды басып өткенін айтып берген болатын. Дүниеге келгенкезінде оның анасына тіпті туыстары баладан бас тартуын айтып, үгіттеген. Әлиөскен кезде тіпті ешбір мектеп оны қабылдағысы келмепті. Ақыры, осықиындықтардың бәрін басып өткен бала елордадағы «Нұр Орда» мектебіне түсіп,күні бүгінге дейін сол білім шаңырағында оқуын жалғастырып жатыр.


Авторы Азамат Сыздыкбаев

Соңғы жаңалықтар