Қазақстандық нокаутшы Головкинмен бірге жаттығуы кезіндегі видеоны көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Али Ахмедов Instagram-дағы парақшасында Big Bear залындағы жаттығу видеосын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске салайық, Ахмедов отандық чемпион Геннадий Головинмен бірге Абель Санчестің қол астында жаттығып жатыр.

Ахмедов 8 тамызда Голливудта (Калифорния штаты) Hollywood Fight Nights 2 бокс кешіндегі бастыжекпе-жекте рингке шығады.  Ол 33 жастағы жергілікті боксшы Хорхе Эскалантемен айқасады. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Головкин 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет айқасады.

Welcome to Big Bear! @gggboxing @ali_akhmedov_officialpage @murat_gassiev @bluechipboxer @elperroangulo12

Публикация от Ali Akhmedov (@ali_akhmedov_officialpage) 28 Июл 2018 в 10:06 PDT