А.Ахмедов америкалық Кент Холландпен (4-0-1, 2 КО) кездесетіні күтілуде. 30 жастағы боксшы профи-рингке 2014 жылы алғаш қадам басқан. Оның бес қарсыласының үшеуі дебютанттар болды, ал қалған екеуінің статистикасы - 0-3 және 5-13-2.
Ахмедов - Холланд айқасы 30 маусым күні Миннесота штатындағы Миннеаполис стадионында өтеді. Боксшылар WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы Солтүстік Американың чемпионы атағын сарапқа салады.