Қазақстандық оқушы АҚШ Президентінен алғыс алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 жастағы қазақстандық оқушы АҚШ Президентінен алғыс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 жасындаоқудағы анасымен бірге АҚШ-қа кеткен қазақстандық қыз араға тағы 6 жыл салыпелге оралды.

ТуыстарыЖәмила Ахметованың көптеген грамоталарының арасынан АҚШ Президенті Д. Трамптың қолы қойылған алғыс хатын көріп, қатты таңғалса керек. Аталмышграмотада ағылшын тілінде «Үздік академиялық үлгерімі үшін» деп жазылған.

Жәмилашынымен де өте қабілетті болып өсіп келеді. АҚШ-та ол сыныптан сыныпқа жедел көшіп отырған. Ол алтыншы сыныптыGPA 5.00 үлгерімімен аяқтап, «үздікдігін» растайтын көптеген дипломдарменмарапатталыпты. Туысқандары АҚШ-та жақсы оқыған оқушыларға ел Президентінің өзіалғыс айтатынын көріп таңғалуда.

Соңғы жаңалықтар