Атап айтқанда, Меруерт Камалиденова U9 Girls санатында үшінші орынды иеленді. Ал Бибісара Асаубаева U11 Оpen санатында 6-шы орынды иеленіп, блиц турнир жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Әлім Тоғызбай U7 Open санатында 5-ші орын алды. Арыстанбек Оразаев U17 Open санатында 4-ші орынға қол жеткізді. Ал Әбілмансұр Аңсат U9 Open санатында 7-ші орынды еншіледі. Болатбек Мыңбаев болса, U15 Open санатында 5-ші орын алды.