Қазақстандық оқушы теннистен халықаралық жарыс жеңімпазы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Черногорияның Ульсен қаласында Tennis Europe жасөспірімдер турының екінші санаттағы «Bellevue Cup U12» беделді халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Olympic.kz сайтының мәліметінше, аталған жарысқа Қазақстан, Албания, Греция, Черногория, Косово, Македония, Германия, Ресей, Болгария, Ресей, Франция және Украинадан 12 жасқа дейінгі теннисшілер қатысты.

12 жасқа дейінгі спортшылар санатында қазақстандық Михаил Мищенко Черногория өкілі Вук Крстаичпен бірге жұптық кезеңде көзге түсті. Финалда Михаил мен Вук сербиялық қарсыластары - Филипп Джокич пен Михаило Топикті 2:6, 6:2, 10:8 есебімен жеңді.

Еске салайық, 11 сәуірде Тиранада Tennis Europe Junior Tour - Tirana Open U12 турнирінде сол жастар - Мищенко мен Крстаич - грекиялық Заворгинос Афанасиос/Алкис Михалакопулас жұбын 7: 6 (5), финалда 6: 4 есебімен жеңген болатын.