Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов және Нұрбақыт Мәдибек 200 қарсыласын, соның ішінде Ресейлік олимпиадалық бағдарламалау мектебін артта қалдырып, әлемдегі ең мықты команда атанды. Қазақстандық оқушылар 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Астана мен Алматы қалаларындағы қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары он бір есептің тоғызының шешімін тауып, бірінші орынға шықты. Екінші орын «Интеллектуал СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасына, ал үшінші орын «Школа программистов №1» (Мытищи) командасына бұйырды.