Қазақстандық оқушылар Бакуде өткен химия бойынша Менделеев олимпиадасынан үш алтын медаль алып келді

None
АСТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар сәуір айының 27 мен мамырдың 4-і аралығында Бакуде өткен 44-ші химия бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасынан үш алтын медаль алып келді, деп хабарлайды республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қыметі.

Олимпиада теория мен тәжірибеден тұратын екі тур бойынша өтті, Қазақстан құрамасы төмендегідей марапаттарды ұтып алды:

Тараз қаласы ҚТЛ 10-сынып оқушысы Абылай Шахизадаев, Астана қаласы ҚТЛ 10-сынып оқушысы Мирас Бекбергенов, Тараз қаласы ҚТЛ 11-сынып оқушысы Жалғас Серімбаев - алтын медаль алды.

Күміс медальмен Петропавл қаласының «Лорд» мектеп-лицейі 9-сынып оқушысы Владимир Должников, Астана қаласы ҚТЛ 11- сынып оқушысы Дания Қалиев, Қарағанды қаласы ҚТЛ 11-сынып оқушысы Илья Скрипин марапатталды.

Қола медальдің иегерлері Тараз қаласы ҚТЛ 10 сынып оқушысы Нұрбек Серікұлы, О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ 11-оқушысы Сұлтан Өтепов атанды.

Талдықорған қаласы №24 орта мектептің 10-сынып оқушысы Дархан Сибатов мақтау қағазына ие болды.

Олимпиадаға Әзірбайжан, Армения, Беларус, Болгария, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Румыния, Өзбекстан, Укранина, Эстонияның оқушылар командалары қатысты.