Әлемдік деңгейдегі додада бақ сынаған қазақстандық оқушылар Рубик кубигін құрастырудың 5 түрінен 10 медаль жеңіп алды. Халқаралық бәсекелерде ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген Жанайдар Ұзақов 2х2 (3.12 секунд), 3х3 (9.07 секунд) және 4х4 (33.55 секунд) түрінен алтын, Пирамида (5.86 секунд) түрінен қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, чемпионаттың Пирамида түрінен жарыста Мадиар Советов (5.24 секунд), Скьюб түрінен франциялық Клемент Чербланц (3.95 секунд) жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Рубиктан халықаралық ашық чемпионат қазақстанда алғаш рет өткізіліп, Дүниежүзілік Кубик қауымдастығының (WCA) аясында ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеге әлемнің 7 елінен 126 қатысушы өз бағын сынап көрді. Сондай-ақ, 115 қазақстандық кубик-рубик құрастырушылары әлемдік деңгейдегі бәсекеге алғаш рет қатысуға мүмкіндік алып отыр.