Стипендиаттар тізіміне мына спортшылар кіреді: Юлия Галышева (фристайл-могул), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру спорты), Жанбота Алдабергенова (шаңғы акробатикасы), Ақмаржан Қалмұрзаева (шаңғы акробатикасы), Павел Колмаков (фристайл-могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Роман Креч (конькимен жүгіру), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және Сергей Ткаченко (шаңғымен тұғырдан секіру).
ХОК талабы бойынша, әр елдегі ҰОК-терге бөлінетін стипендия көлемі өткен ойындарға қатысқан спортшылар арасында гендердік теңдіктің сақталуына байланысты. Сондай-ақ, үміткерлерді іріктеу барысында олардың рейтингі мен спорттағы жетістіктері де қаралды. Стипендияны ХОК 2019 жылдың соңынан бастап төлейді.