АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Локомотив-Юниор» командасының 10 жастағы өкілі Айдын Эфенди қараша айында Португалияға барып, «Спортинг» командасының академиясына сынақ тапсырып келді.
Бұл туралы «Аламан» спорт агенттігі хабарлайды.
Ол «SPORTING PORTUGAL» деп аталатын академиясына оқуға да қабылданыпты.
Айдын Португалияға оқу үшін төрт жылдан кейін барады. Академияның талабы бойынша, онда 14 жастан бастап қабылданады. Оған дейін ол алматылық «Локомотив-Юниор» футбол мектебінде оқып, жылына бір рет Португалияға барып тұрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.