Қазақстандық өндіруші Ресейде 5 жылда 50 дүкен ашуды жоспарлап отыр

None
АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстан Тексти Лайн» ЖШС  Mimiorіki брендімен шығарылып жатқан балалар киімдерінің 7 пайызын экспорттауда.

Серіктестіктің атқарушы директоры Инна Аленконың айтуынша, қазіргі таңда олардың Ресейде - 2, Украинада -1, ал Қазақстанда 15 дүкендер желісі бар. Алдағы 5 жылда енді Ресейдегі дүкендер желісін 50-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Біз қазір франчайзинг жүйесі арқылы дүкендер желісін құрып жатырмыз. Орта санаттағы өкілдерге арналған өнімдеріміздің бағасы еуропалық брендтерден 20-30 пайызға төмен. Ал дүңгіршек үлгілеріндегі сауда орындарында 50 пайызға  арзан. Жеке кәсіпкерлер біздің брендтік дүкенімізді 15 мың долларға франчайзингке ала алады. Сауда орнын анықтауға және оның дизайнының жобасын жасауға тегін көмектесеміз. Оларға қойылатын басты талап 3-4 миллион теңге көлеміндегі айналым қаражатының және құрал-жабдық пен инвестицияға жұмсайтын дәл осындай көлемдегі қосымша қаржысының болуы», - дейді А. Аленко.