Қазақстандық өнерпаз «Славян базары» конкурсында көш бастап келеді

Фото: None
ВИТЕБСК. ҚазАқпарат – «Витебск-2019» XXVIII халықаралық эстрада әндерін жас орындаушылар байқауының бірінші күні өтті. Онда қазақстандық қатысшулы Әлихан Макин көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Байқауға қатысушы 16 өнерпаз түрлі құрлықтан келген. Олардың мәдениеті мендіндері де әртүрлі, бірақ олардың барлығын бір дүние - музыка байланыстырып отыр. Байқауда жеребебойынша бірінші болып Беларусь әншісі Ваня Здонюк өнер көрсетіп, 82 ұпай алды.Одан кейін Қытайдан келген әнші Сыин Ли «Катюша» әнін шырқап, 71 ұпайға иеболды.

Қазақ әншісі Әділхан Макин әнді керемет орындап қана қоймай, грэпплингтрюгін көрсетіп, таңғалдырды. Осылайша, ең жоғарғы көрсеткіш – 89 ұпай алды.

Сонымен қатар, байқауда Израиль өкілі Илай (87 ұпай), украиндік ДмитрийБабак (86 ұпай), грузиялық Георгий Путкарадзе (86 ұпай), ресейлік Иван Дятлов(85 ұпай), литвалық Паулина (85 ұпай), Мальтадан келген Чесс (82 ұпай),армениялық Моника Манучарова (78 ұпай), болгариялық Ники Танев, германиялықЭмин өнер көрсетті.

Айта кетейік, кезінде «Витебск-2015» XXIV эстрада әндерін орындаудыңхалықаралық байқауының Гран-приін қазақстандықжұлдыз Димаш Құдайберген де иеленген болатын.

Онда бірінші жүлде (15 мың АҚШ доллары) мен арнайы сыйлық беларусьтікВалерия Грибусоваға табысталды. Екінші орынға «10 мыңАҚШ доллары) Болгариядан келген Николай Манолов ие болды. Украиналық АннаТвердоступ үшінші орынға (5 мың АҚШ доллары) лайық деп танылды. Ал ДимашҚұдайберген 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар