ҚР ИЖТМ-ның Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің («NADLoC» АҚ) ресми сайтында: «Конкурсқа қатысуға ҚР-дың жеке және заңды тұлғалары жіберіледі. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдерінен құралған құзыретті әділқазылар алқасы жеңімпаз жөніндегі шешімді көпшілік дауыспен қабылдайды», - делінген таратылған хабарламада.
Конкурсты ұйымдастырушылардың пікірінше, логотип ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың танылу дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қатысуға ниет білдіргендердің барлығы өз жұмыстарын 2014 жылғы 23 мамыр - 16 маусым аралығында конкурстың logo@nadloc.kz.электрондық мекенжайына жіберуіне болады.
Конкурстың ережесі туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат ҚР ИЖТМ Жергілікті үлесті дамыту агенттігінің ( «NADLoC» АҚ) сайтында орналастырылған.