Кездесу Ұлыбританияға жасалған оқыту-таныстыру сапары аясында жасалды. Бұл туралы Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесуді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Эйр Астана» президенті әрі атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Балалар церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы мектеп оқушысы Исаак Мустопуло «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және British Council ұйымдастырған байқудың арнайы сыйлығына ие болды. Байқау барысында жас ғалым «Үндестік теориясы» деп аталатын видеоролигін ұсынды. Онда ғарыш аппараттарына арналған электр энергиясының өндірістік процесі көрсетілген.
Бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА Иссактың өзінің кумирі Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын жазған болатын. Тараз қаласынан шыққан ол туғаннан мүгедектер арбасына таңылған. Өзінің арманы жайлы ол бұрын ҚР инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешевке айтқан болатын.