Бұл туралы ҚР Статистика агентігінің таратқан хабарламасында айтылған.
«Азық-түлік өнімдерін тұтыну халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Үй шаруашылықтарының көлемі де тамақтану шығыстарының деңгейіне ықпал ететіні анық. Үй шаруашылықтарының ең көп үлесі, қалалық жерде де (52,6 пайыз) және ауылдық жерлерде де (52,1 пайыз), өз табысының 30 пайыздан 50 пайызға дейінгі мөлшерін тамақтануға жұмсайды», делінген Агенттіктің таратқан хабарламасында. Агенттіктің мәліметінше, дейтұрғанмен отбасы көлемінің төмендеуімен өз табысының 30 пайыздан 50 пайызға дейінгі мөлшерін тамақтануға жұмсайтын үй шаруашылықтарының үлесі қысқаруда.
Атап өтерлігі, қалада, сондай-ақ ауылда сұралған үй шаруашылықтарының басым бөлігі үшін негізгі күнкөріс көзі жалдамалы жұмыс болып табылады. «Табыс көзі ретінде жеке қосалқы шаруашылықтарының өнімдерін тұтынуды ауылда тұратын үй шаруашылықтарының 55,0 пайызы белгілесе, «әрине, қалада бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен» дегенді 20,4 пайызы белгілеген», делінген Агенттіктің деректерінде. Сұралғандардың жауабынша, зейнетақының, бұған қоса туысқандарынан, таныстарынан алатын көмектің күнкөріске қажетті құрал ретіндегі маңызы қалалық және ауылдық үй шаруашылықтары үшін бірдей екен.