Жәрмеңке аясында І Халықаралық мал шаруашылығы форумы болды, сондай-ақ форум қатысушыларының арасынан агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін ең үздік отандық кәсіпорындарды анықтаған байқау өткізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен, әртүрлі аталым бойынша 36 отандық компания ең үздік деп танылды. Атап айтқанда, ең үздік ет өндіруші кәсіпорын болып «Жайық ет» ЖШС (БҚО) аталды, сүт өндіруші кәсіпорын арасында «Сүт» АҚ (Павлодар облысы) аталса, «Інжу маржан» ЖШС (Атырау облысы) балық өндіру саласында үздік деп танылды.
Мал шаруашылығы саласында биязы жүнді қой өсіретін таңдаулы шаруашылық немесе асыл тқымды зауыт аталымында «Мерке» АҚ (Жамбыл облысы), түйе өсіретін шаруашылық немесе асыл тұқымды зауыт арасында «Дәулет Бекет» ЖШС (Алматы облысы), етті бағыттағы ірі қара малын өсіретін шаруашылықтар арасында «Ключевое» ЖШС (Қостанай облысы) аталды.