Қазақстандық палуан қыздар ӘЧ-да жүлдесіз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция астанасы Парижде күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Өкінішке орай, боз кілемге шыққан қазақстандық қыздар үшін Әлем чемпионаты сәтсіз өтті. Қазақстан қыздары қатарынан тек Эльмира Сыздықова ғана қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Үшінші орын үшін таласта Эльмира Қытай палуанымен кездескен еді. Жиырма жасқа енді келген Қытай қызы тәжірибелі Эльмира үшін қолайсыз қарсылас болып шықты. Нәтижесінде отандасымыз үшінші орын өткен белдесуде 2-8 есебімен ұтылып Әлем чемпионатының жүлдесінен қағылды.