Федерацияның мәліметінше, 13 палуаннан құралған біздің команданың мүшелері 7 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен. Таңат Сағындықов бастап барған команда өз қоржынына 2 күміс, 2 қола медаль салған.
59 келі салмақтағы палуанымыз Мейрамбек Айнағұлов Жапония, АҚШ, Қытай спортшыларынан басым түсіп, финалдық жолдамаға арналған жекпе-жекте ғана тізе бүккен. Ал 71 келі салмақтағы Асхат Жаңбыров қола жүлде иеленсе, 80 келі салмақтағы Азамат Күстібаев күміс медальді қанжығасына байлады.
98 келідегі Ерұлан Ысқақов болса, финалда қытайлық Ди Ксиаоға жол беріп, ол да күміс жүлде иегері атанды. Ал Илья Насточенко қола жүлдені еншіледі.