Қазақстандық палуандар Азия чемпионатының алғашқы күні 5 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нейпьидода жасөспірімдер арасында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық палуандар чемпионаттың алғашқы күні 5 медальді қанжығаға байлады.

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, 55 келіде Дастан Зарлыханов пен 84 келіде Хусейн Муцольгов Азия чемпионы атанды. Тамерлан Шадукаев (74 кг) күміс олжалады. Ал Рахман Шахарбек (66 кг) пен Царкис Пшеничников (96 кг) қоланы қанағат тұтты.