Қазақстандық палуандар Бішкектегі турнирде 6 медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте өткен қырғыз палуаны Қаба уулу Қожамқұлды еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы күні қазақстандық спортшылар 6 медаль иеленді, деп хабаралайды sports.kz.

Бұл еркін күрестен халықаралық турнирде палуандарымыз Амандық Бакеев (65 келі), Болат Сақаев (74 келі) және Ақбар Елубай (97 келі) жарыс жеңімпаздары атанса, Есболат Нұржұмбаев (97 келі) күміс жүлде еншіледі. Ал Марғұлан Жүсіпов (57 келі) пен Руслан Сексенбаев (65 келі) қола медальға ие болды.