Онда қазақстандық балуандар құрама қоржынына 1 алтын 3 күміс медаль салды. Беларусь Республикасының астанасындағы бұл дүбірлі додада 96 келіге дейінгі салмақта ақтық сында Магомед Каратовты жеңген Таймураз Тигиев чемпион атанды. Ал жарыс қожайындары Омаргаджи Магомедов пен Алексей Шемаровқа Семён Семёнов (84 кг) пен Марид Муталимов (120 кг) және ресейлік Алигаджи Гамидгаджиевке есе жіберген Сейпутдин Османов (74 кг) күміс жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысында бейресми командалық есепте Беларусь құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен бірінші орын алды.
09:54, 08 Наурыз 2011
Қазақстандық палуандар Минскідегі турнирде 1 алтын, 3 күміс медаль олжалады
АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Минскіде 4-5 наурыз күндері еркін күрестен Олимпиада ойындарының 3 дүркін чемпионы Александр Медвед жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті.