Бұл бәсекеде еркін күрестен жасөспірімдер арасында қазақстандық палуандар бес медаль олжалады, деп жазады sports.kz.
58 салмақ дәрежесінде Әділ Оспанов ешкімді шақ келтірмеді. Ақтық белдесуде ол кілем иесін тізе бүктірді. Сондай-ақ осы салмақта Шыңғысхан Мұхамедалиев қола еншіледі. Ал 46 келіде біздің есебімізде үш медаль бар: «алтын» - Акбар Кұрбанов, қола - Нұрымбет Атабекұлы және Исламбек Хаджимат.