Қазақстандық паралимпиада құрамасының шаңғышылары Сочи жолдамасына ие болды

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Альберта провинциясының Кэнмор қаласында алғашқы рет шаңғы жарысы бойынша Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсеткен бес қазақстандық паралимпиадаға қатысушы Канададан қайтып оралды.

ҚР паралимпиада құрамасының шаңғы жарысы бойынша аға жаттықтырушысы Олег Коломеец хабарлағандай, команда өз міндетін орындап, барлық шаңғышылар арнайы паралимпиада жіктемесіне ие болды.

Канадада құрама көшбасшысы Александр Колядин жақын қашықтыққа жүгіруден және классикалық стиль бойынша 20 шақырымға жарыстан қажетті нормативті орындап, Сочиге жолдаманы жеңіп алды.