Қазақстандықтардың арасында Ислам Сәлімов ерекше көзге түсті. Ол 400 метрге жүгіру ережесінде Т13 класында (көру қабілеті нашар) алтын медальға қол жеткізді.
Ислам бұл қашықтықты 53,86 секундтың ішінде еңсеріп, Жапония, Вьетнам және Тайпейден келген спортшыларды артта қалдырды.
Ұзындыққа секіру ережесінде 5.29 нәтижесін көрсеткен Аманат Қалқаев құрама қоржынына күміс жүлде әкелді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.