Бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында мүгедектер спорты құрамасының бас жаттықтырушысы Максим Рожков осындай пікір айтты.
«2011 жылы Сеул қаласында Азиялық ойындар өтеді. Біздің болжамымыз бойынша, командамыз онда алтын және күміс медальдардан үмітті. Оған қоса, құрлықтың үздік алты командасының қатарынан көрінуге біздің команданың шамасы жетеді», дейді М.Рожков.
Афиныда өтетін жазғы XXII Олимпиада ойындарының да ауылы алыс емес. Бас жаттықтырушы «біз онда да жақсы өнер көрсетуге тырысатын боламыз. Себебі бізде Шымкентте және Алматыда еркін күрес бөлімдері ашылды. Біз саңыраулардың Олимпиадалық ойындарына кіретін спорттың түрлерін - дзюдо, каратэ, таэквандо спорттарын дамытқымыз келеді», деп атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Тайбэй қаласында өткен жазғы олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар 1 «қола» медаль иеленіп, әлемнің 90 елінің ішінде 47-55 орындарды бөліскен болатын.