Қазақстандық параспортшы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пара дзюдодан халықаралық турнирде отандық параспортшы алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Жапония астанасы Токио қаласындағы ең көне мектеп Кодоканда пара дюдзодан халықаралық турнир өтіп жатыр. Аталған спорт бәсекесінде 81 келіге дейін салмақ санатында қазақстандық пара дзюдошы Дәулет Теміржан алтын медаль иеленді», - деп жазылған комитеттің Фейсбук парақшасында.