Қазақстандық парламентшілер Вьетнамға барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-30 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерболат Мұқаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыпов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы құрамында Вьетнамға барады.

Ханойға сапар кезінде сенаторлар Парламентаралық Одақтың 132-ші Ассамблеясына және Вьетнам Социалистік Республикасының ресми сапары аясындағы шараларға қатысады.