Қазақстандық полицейлер «Қару-2010» жедел алын алу іс-шарасы барысында мыңға жуық заңсыз қаруды тәркіледі

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық полицейлер «Қару-2010» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мыңға жуық заңсыз қауды тәркіледі,

деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінен.

Республика ауқымында жүргізілген шара барысында 139 мыңнан астам оқпен атылатын қарудың иесі, сондай-ақ аңшылық-балықшылық шаруашылықтары аймағындағы 1982 аңшы текеруден өткен. Нәтижесінде қару айналымы саласындағы 5700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық, және 229 аңшылық ережесінің бұзылғандығы анықталып, 2021 адам жауапкершілікке тартылса, 679 материал сотқа жіберілген. Заң бұзушылыққа байланысты тіркелген азаматтық қарудың 5 196 бірлігі тәркіленген.

Сондай-ақ акция барысында заңсыз сақталған 913 қару, 1821 оқ, 6 жарылғыш құрылғы және 2 келіден астам жарылғыш заттар алынған.

Мәселен, Астана қаласында 4 азамат тұтқындалды, олардың көліктерін тінту барысында ішкі істер органдарында тіркелмеген 2 травматикалық пистолет, 2 16-ші калибрлі шолақ мылтық, қолдан жасалған кастет, және 2 бейсбол таяғы табылған. Ал Ақтөбе облысына қарасты Байтұрсай ауылы тұрғынының шаруашылық қора-жайынан 5,6 мм калибрлі 400 оқ алынған. Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен «РГД-5» гранатасы мен 2 түтіндеткіш табақша тәркіленген.

Сәуірдің 12-сі мен 16-сы аралығында өткізілген «Қару-2010» республикалық іс-шараның негізгі мақсаты - отты қаруды, жарылғыш заттарды және құрылғыларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу.