"Жаңа заңнамаға сәйкес, полицейлер қылмыскердi немесе күдiктiнi құрықтау және қамауға алу кезiнде олардың құқықтарын оқып беруi мiндеттi. Егер ол орындалмаса, ұсталған азамат прокуратура органдарына шағымдана алады", - дедi департамент басшысы.
АҚШ-та қолданылатын "Миранда құқықтары" полицейлерді күдіктіні ұстау кезінде оған құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде адвокат жалдау құқығы мен үнсіз қалу құқы барын және барлық айтқандары күдіктінің өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертуді міндеттейтін ережелер жаңа заңға кіргізілген.
Оның айтуынша, бұған қоса жаңа кодекс жобасында күдікті кінәсін мойындаған жағдайда және тергеу ісіне көмек көрсетсе, жазасын жеңілдету мүмкіндіктері де қарастырылған.
Айта кетейiк, Қазақстан Орталық Азияда заңнамасында "Миранда құқықтары" қолданылатын алғашқы мемлекет болып отыр.