Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш байқау 10 қыркүйекте онлайн режимде бастау алған. Оған Қазақстанның барлық өңірінен полицейлердің отбасылары қатысты.
Ақмола облысынан полиция капитаны Тұрлыбек Ысқақовтың отбасы бағын сынады. Оның жан жолдасы Аққу екеуіне отасқанына 14 жылдан асқан. Бүгінгі күні бұл жұп үш баланы тәрбиелеп отыр.
«Байқау ережесі бойынша алғашқы үш қатысушы қойылған сұрақтарға жауап беріп, викторина жеңімпазы атануы тиіс. Жалпы, «Дядя-Степа милиционер» өлеңінің авторы кім?», «Ішкі істер органдарының алғашқы халық комиссары кім?» сияқты барлығы 10 сұрақ қойылды. Оның ішінде ақмолалық Ысқақовтар отбасына сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін 6 минут уақыт қажет болды», - дейді ведомстводан.
Байқау қорытындысы бойынша ақмолалық жанұя жеңімпаз атанса, екінші орын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті қызметкері, полиция подполковнигі К.Омаровтың, ал үшінші орын Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Д.Темірғалиевтің отбасына бұйырды.