Қазақстандық полошылар Аргентинада жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Поло (шөген) спортынан Қазақстанда «Astana Polo Club» командасы Аргентинаның Лухан қаласында өткен Халықаралық турнирге қатысып, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жарыстың финалында спортшыларымыз аргентиналықтардан 9:4 есебімен басым түсті.

 Айта кетейік, сайыста ел намысын Есжан Кұрманбай, Дәулет Игенбай, Елдос Асыл және Кұрманбек Тұрғанбек бастаған азаматтарымыз қорғады.

Естеріңізге сала кетейік, 15-16 қазан күндері полодан Мюнхен қаласында өткен халықаралық турнирде  Қазақстан құрама командасы жүлделі 2-орынды еншілеген болатын.