Қазақстандық Рахымжан Рысбаев бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үздік төрешісі деп танылды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық төреші Рахымжан Рысбаев Барбадоста өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үздік төрешісі деп танылды.

Бұл туралы елордалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен және жүлдегерлердің, бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк пен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Бейбіт Масабаевтың қатысуымен бүгін «Қазақстан» спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Барбадоста біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті - 81 келі салмақта Марина Вольнова чемпионаттың күміс, 48 келі салмақта Назгүл Боранбаева қола жүлдегер атанды. Назгүл 2006 жылғы әлем чемпионатында да үшінші орынды жеңіп алған болатын.