Қазақстандық рэгбиші қыздар Ұлттар кубогын жеңіп алды

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ –Ташкентте рэгбиден өткен Ұлттар кубогының ойыны үлкен салтанатпен аяқталды. Өзбекстан елордасында рэгбиші қыздар командаларының арасында өткен жарыста қазақстандық РКА командасы жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматылық бұл клубтың ойыншылары өз қарсыластарынан әлдеқайда басым түсіп, бас жүлдені қанжығаларына байлады. Ал екінші орын - Ташкенттің «Глория» командасына бұйырды. Турнирге өзбекстандық, қазақстандық және ресейлік командалар қатысты.